| Материалдар санатында: 32 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Басында үш үясы тағы да бар.
Үш бүтақ иесіне тұрар жыл ап,
Шынымен бізге қиын болады деп,
Егерде үстімізге кетсе қүлап.
- Шешуі жүмбағымның тегі арзан,
Сырты томпақ, іші қуыс оның - қазан,
Қазанның төрт қүлағы жиегінде,
Қазансыз үйде ешбір болмас мазаң.
Үш терек үш бүтақты темір ошақ,
Бас жағы дөңгелек қой үя қүсап.
Шықпаған күні-түні жанған оттан,
Кім жылар, ол жыламай балаға үқсап.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Мен түсімде, құдаша, суға түстім,
Алтын ерлі боз атты міне түстім.
Оң қолыма қаршыға қона түсті,
Меруерт моншақ алдына тола түсті.
- Құдеке, суға түссең, тазалығың,
Боз атың - астыңдағы қалыңдығың.
Оң қолыңдағы қаршығаң - үл-перзентің,
Меруерт моншақ - бақ дәулетің.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Бар екен бір өсімдік аты бүрлен,
Осыны баптап бағар сырын білген.
Етін жеп, қу сүйегін шаққым келді,
ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген.
- Осыған мен де болдым талай жерік,
Тістерім қатты ауырады көп жей беріп.
іші қатты болғанменен, сырты тәтті,
Даланың бауырсағы болар өрік.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Қараңғыдан жарыққа кез келтірген,
Өңірге өмір гүлін өзі өндірген.
Шиден шырақ болғанда матор жалын,
Ғылым мен дүниені безендірген.
- Қозғайды бүл сөзіңді әлмисақтан,
Үміткер болды маймыл болашақтан.
Әлемнің алтын кілті адамзатта,
Төбені ток сымымен жарқыратқан.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Бір көл бар, жер де емес, көкте емес,
ішіне ит түссе де, адам емес.
Телміріп сырлы көлге қарай қалсам, Жалт
қарады бір адам өзім өңдес.
- Көлеңке көл ішінде сағым құмар,
Бұл көлге адамзаттың жаны құмар.
Қай нәрсе қарсы алдына бара қалса,
Айна шында дәл соның сағымы бар.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Тізілген қалың таяқ бір озбайды,
Жел соқса нар түйедей ол озбайды.
Мойнынан арқан тағып, байлап қойсам,
Неліктен адамзатша сөз қозғайды.
- Таяқты талай көрдің дала бай дан,
Қатарлап тізген екен қарағайдан.
Телефонның қүлағын бұра салып,
Амандық хабар алдым қала жайдан.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Басында бәйтеректің төрт бүтақ бар,
Төрт бүтақ бүрлесе егер, көп бүтақтар.
Шешіп бер, ақын досым, жүмбағымды,
Төрт бүтақта қанша жапырақ бар?
- Бүлбүлдың әсем үні тілі емес пе,
Бүтағың төрт маусым жыл емес пе?
Бір жылда қырық сегіз жексенбі бар,
Жапырағы үш жүз алпыс күн емес пе?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Отыз қой, бес жорғаменен түстім жолға,
Бір қылыш жалаңдаған алып қолға.
Қырық нарға қазына артып тара қойсаң,
Патшамыз не берер ет бізге сонда.
- Отызың ораза ғой айтып тұрған,
Бес жорғаң намаз екен мойын қойған.
Қылышың жалаңдаған ол - қызыл тіл,
Қырық нарың -парыз еді орындаған.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Әуелден біреу жалғыз, біреу егіз,
Көзі жоқ көкіректе әсілі сегіз.
Еш адам бұл жүмбақты тапқан емес,
Егер тапса, ақылы бұл адамның ұшан-теңіз.
- Әуелден біреу жалғыз-жаппар Құдай,
Дегенім екі егіз күн менен ай.
Көзі жоқ көкіректен әсілі сегіз,
Ақ шарият ілімін білсек біз.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Айт дегенде айтамын айда болар,
Таң алдында Шолпан пайда болар.
Ақын болсаң, жүмбағымды шешіп берші,
Ақ меруерт шыққан жері қайда болар?
- Ойнамаса, күлмесе, шығамадерт?
Ойын-күлкі бар жердің бәрі де кент.
Сен білмесең, кем ақыл, мен айтайын,
Айдын көлден шығады ақ меруерт.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер











