Мен түсімде, құдаша, суға түстім,
Алтын ерлі боз атты міне түстім.
Оң қолыма қаршыға қона түсті,
Меруерт моншақ алдына тола түсті.
- Құдеке, суға түссең, тазалығың,
Боз атың - астыңдағы қалыңдығың.
Оң қолыңдағы қаршығаң - үл-перзентің,
Меруерт моншақ - бақ дәулетің.