Жұмбақ айтыс

Материалдар санатында: 20
Материалдар көрсетілді: 1-10
Беттер: 1 2 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Бір мақүлық көрер көзге жүні майда, 
Тимейді майдалықтан ешбір пайда. 
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,
Саны бар, сапасы жоқ сида-сида.

Шешуі:
Кім керек қылушы еді иттің жүнін, 
Үрумен мал күзетіп көрген күнін. 
Қаруы аузындағы тісі ғана,
Естіген қауіптенер үрген үнін.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал, 
Малының қисабы жоқ безбенге сал. 
Сүйегі көкте де емес, жерде де емес, 
Жігіттер, көңіл қойып ойланыңдар.

Шешуі:
Жерге кеп өліп жатқан жетіп ажал, 
Санының есебі жоқ ол жауған қар. 
Шам алып жер мен көктен іздесең де, 
Еритін қарда қайтіп сүйек болар!
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Дөңгелек айналасы,төртеу көзі, 
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі. 
Нәрсені қашық тұрған жақындатып, 
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.

Шешуі:
Дөңгелек әлденешеу болса өзі, 
Төрт-төрттен әрқайсының болса көзі. 
Алысты жақындатып ұстап тұрар, 
Түймеғой, сүйек, темір, болар жезі.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында оның қаласы бар. 
Бау-бақша, алуан түрлі өсімдіктер, 
Барлығын билеп тұрған анасы бар.

Шешуі:
Алпыс екі тамыр ғой салалары,
Он екі мүше оның қалалары.
Бәрін оның басқарған бастағы ми, 
Тапқан адам ақылды саналады.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Күніне бір өліп, бір тіріледі, 
Ақырында түра алмай кідіреді. 
Ойлағанға келісімді шешуі бар, 
Ойланбаса, мәнісін кім біледі?

Шешуі:
Ол адамның үйықтаған, оянғаны, 
Сөйтер күнде бойында барда жаны. 
Түбінде бір оянбай қояр ақыр,
Он бойынан жаны кетіп, қалса тәні.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Жиылар әрбір жерге жүлдыз болып, 
Екіден бір бүтаққа қатар қонып.
Қасында Шолпан жүлдыз тағы да бар, 
Соларды қарап тұрар басы болып.

Шешуі:
Жүлдызың оқушылар тұрған толып, 
Екіден отыратын серік болып. 
Шолпан ол дәріс берер мүғалімі 
Өскенше оқытатын ақылы толып.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Бір құс бар үшып жүріп ән салады, 
Әркімге қонақ болып бір барады. 
Барлығы мақүлықтың ығыр болып, 
Дауысын естігенде зар қағады.

Шешуі:
Үшумен әні бірге жарасады,
Үшып кеп адамға да жармасады. 
Жармасқан жерін уы дуылдатқан, 
Кәдімгі айтып түрсың сары масаны.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Сылаңдап бір бүраң бел елден қашқан, 
Қулығы бар болса да жұрттан асқан. 
Жол нұсқап қуғыншыға куә болып,
Қол қойып ақ қағазға мөрін басқан.

Шешуі:
Түлкіні бұл жүмбағың салады еске, 
Жетерлік қулық онда бар емес пе. 
Білдірер қайда екенін қуғыншыға, 
Мөрің - із, ақ қағазың - қар емес пе.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Жүні көк бір өгіз бар еті қара,
Тілгілеп өне бойын еттік пара.
Етін жеп, майын сорып жатсаң дағы, 
Тез бітер терісіне түскен жара.

Шешуі:
Жүні -шөп, еті -топырақ, өгізі -Жер, 
Тілігілеп етін салар негізінде ел.
Етін жеп, текке майын сора бермей, 
Мәпелеп, «Рақмет» дегізіңдер.
Санаттан алынған материалдар "Жұмбақ айтыс"
0
Жұмбақ:
Бір кезде он екі хайуан басын қүрап, 
Барлығы бір орыннан тапты түрақ.
Ад алы арамымен кезектескен,
Өзінен әркімдер жүр жасын сүрап.

Шешуі:
Өлеңнің үзыны бар, қысқасы бар,
Сөздің де айта алатын нүсқасы бар.
Он екі мүшелі хайуанаттың,
Түйеде, көрсең, барлық ңүсқасы бар.
1-10 11-20
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Санаты
Адам және оның дене мүшелері жайлы [228]
Азық-түлік және тағам түрлері туралы [15]
Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары жайында [202]
Әзіл-оспақты және логикалық жұмбақтар [36]
Дін [67]
Егістік пен өсімдіктер өлкесінде [183]
Есеп және сауда [24]
Жан-жануарлар және жәндіктер [128]
Жануарлар, мақұлықтар [110]
Жер, табиғат құбылыстары [113]
Жұмбақ айтыс [20]
Жұмбақ өлеңдер [32]
Қару-жарақ, аңшы және аңшы құралдары [34]
Қатынас, жүріс - тұрыс [34]
Кәсіби мамандық иелері [17]
Киіз-үй және оның жабдықтары жайында [18]
Киім-кешек хақында [28]
Қол ісі [88]
Құрал - сайман, әртүрлі заттар [6]
Құстар мен өсімдіктер жайлы [103]
Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар [19]
Матеграммалар [31]
Мезгіл, уақыт [57]
Ойын - сауық, музыкалық аспаптар [81]
Оқу-білім және оның құралдары [81]
От жағү, жарық қылу [81]
От пен жарық жайлы [14]
Спорт бұйымдары мен [20]
Тамақтар мен сусындар [49]
Техника мен шеберхана құралдары [133]
Төрт тулік [67]
Тұңғиықтың тұрғындары туралы [18]
Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен [49]
Үй [71]
Үйдің керек - жарақтары және жиһаздар [44]
¥қсас атаулар жайлы [3]
Шаруашылық құралдары [72]
Ыдыс-аяқ және басқа үй жабдықтары туралы [79]
Сұрыпталмағандары [527]
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.