Жұмбақ:
Жүні көк бір өгіз бар еті қара,
Тілгілеп өне бойын еттік пара.
Етін жеп, майын сорып жатсаң дағы,
Тез бітер терісіне түскен жара.
Шешуі:
Жүні -шөп, еті -топырақ, өгізі -Жер,
Тілігілеп етін салар негізінде ел.
Етін жеп, текке майын сора бермей,
Мәпелеп, «Рақмет» дегізіңдер.