| Материалдар санатында: 19 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Кең аймақты бір өзеннің арғы бетіне өтуі керек болған 117 адамдық әскери топ қиын жағдайда қалады. Сол мезетте қайық сүйреп келе жатқан екі баланы көреді. Бірақ қайықтың кішкентайлығы сонша, ол бір үлкен адамды немесе екі жас баланы ғана көтере алады.
Әскери топтың командирі әскерлерін осы қайықпен өзеннің арғы жағына алып өтеді, соңында балаларды қайықтарымен жағада қалдырады. Бұл үшін қайықпенен арғы жағаға неше рет барып келуі керек?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса,
10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26.
Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7.
Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, "осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты? Патша тұтқынды неліктен босатқан?
Шешуі:
Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?
Шешуі:
Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?
Шешуі:
Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
9 қабатты ғимараттың 9-шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6-қабатты басып, 6-шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?
Шешуі:
Бойы қысқа болғаны үшін. (одан жоғарыны басуға қолы жетпегені үшін)
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?
Шешуі:
Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
366 күн болатын жылдарда аптаның барлық күндері 52 рет, тек екі күні 53 рет қайталанады. Ал енді осы жылы (2012) қай күндер 53 рет қайталанады?
Шешуі:
Жексенбі және дүйсенбі күндері 53 рет қайталанады.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар
|
Жұмбақ:
Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?
Шешуі:
Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Логикалық және физика-математикалық жұмбақтар











