Кең аймақты бір өзеннің арғы бетіне өтуі керек болған 117 адамдық әскери топ қиын жағдайда қалады. Сол мезетте қайық сүйреп келе жатқан екі баланы көреді. Бірақ қайықтың кішкентайлығы сонша, ол бір үлкен адамды немесе екі жас баланы ғана көтере алады.
Әскери топтың командирі әскерлерін осы қайықпен өзеннің арғы жағына алып өтеді, соңында балаларды қайықтарымен жағада қалдырады. Бұл үшін қайықпенен арғы жағаға неше рет барып келуі керек?