Жұмбақ:
Бір мақүлық көрер көзге жүні майда,
Тимейді майдалықтан ешбір пайда.
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,
Саны бар, сапасы жоқ сида-сида.
Шешуі:
Кім керек қылушы еді иттің жүнін,
Үрумен мал күзетіп көрген күнін.
Қаруы аузындағы тісі ғана,
Естіген қауіптенер үрген үнін.