Жұмбақ:
Дөңгелек айналасы,төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.
Шешуі:
Дөңгелек әлденешеу болса өзі,
Төрт-төрттен әрқайсының болса көзі.
Алысты жақындатып ұстап тұрар,
Түймеғой, сүйек, темір, болар жезі.