Жұмбақ:
Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында түра алмай кідіреді.
Ойлағанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса, мәнісін кім біледі?
Шешуі:
Ол адамның үйықтаған, оянғаны,
Сөйтер күнде бойында барда жаны.
Түбінде бір оянбай қояр ақыр,
Он бойынан жаны кетіп, қалса тәні.