Жұмбақ:
Сылаңдап бір бүраң бел елден қашқан,
Қулығы бар болса да жұрттан асқан.
Жол нұсқап қуғыншыға куә болып,
Қол қойып ақ қағазға мөрін басқан.
Шешуі:
Түлкіні бұл жүмбағың салады еске,
Жетерлік қулық онда бар емес пе.
Білдірер қайда екенін қуғыншыға,
Мөрің - із, ақ қағазың - қар емес пе.