Отыз қой, бес жорғаменен түстім жолға,
Бір қылыш жалаңдаған алып қолға.
Қырық нарға қазына артып тара қойсаң,
Патшамыз не берер ет бізге сонда.
- Отызың ораза ғой айтып тұрған,
Бес жорғаң намаз екен мойын қойған.
Қылышың жалаңдаған ол - қызыл тіл,
Қырық нарың -парыз еді орындаған.