Бар екен бір өсімдік аты бүрлен,
Осыны баптап бағар сырын білген.
Етін жеп, қу сүйегін шаққым келді,
ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген.
- Осыған мен де болдым талай жерік,
Тістерім қатты ауырады көп жей беріп.
іші қатты болғанменен, сырты тәтті,
Даланың бауырсағы болар өрік.