| Материалдар санатында: 32 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Ақырзаман болғанда үрады жел,
Мың қарабас саулыққа бір қозы тел.
Мың қарабас саулықты жалғыз еміп,
Қозы неге маңырайды, пәруадігер?
- Жүмбағымның шешуі болар деген,
Осы күнгі үлықтар пара жеген.
Ақтан да, қарадан да пара алса да,
Көзіне жиған малы көрінбеген.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Айт дегенде айтамын ақбар да ақбар,
Ақбар да ақбар ішінде алпыс қаз бар.
Он екі үйрек, қырық сегіз қазы бар-ды,
Ақын болсаң, қүдаша, мүны тап та ал.
- Ақбар, ақбар дегенім - ай мен күн ғой,
Алпыс қазы дегенім - жыл дай таң ғой.
Он екі айдың қырық сегіз жүмасы бар,
Шешуі жүмбағыңның сол екен ғой.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Меккеде бір ағаштың бүтақтары,
Үстінде отыз, отыз жапырақтары.
Жапырақтың асты ақтан, үсті шүбар,
Қыздардың мүны білмес ақымақтары.
- Меккеде бір ағаштың бүтақтары,
Үстінде отыз, отыз жапырақтары.
Асты ақтан, ақ қағаз шүбар жазу,
Молданың болар оқыған кітаптары.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
- Ерте оқимыз намазды, кеш оқимыз,
Эр күнде бүл намазды бес оқимыз.
Ақын болсаң, жүмбағым шешіп берші,
Он екі айда намазды неше оқимыз?
- Сіз де оқисыз намазды, біз де оқимыз,
Уақыт жетсе, намазды түзде оқимыз.
Сен білмесең, кем ақыл, мен айтайын,
Намазды мың сегіз жүз жылда оқимыз.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Әуеде алтын қазық жылыстаған,
Береді Құдай қашан пейіш саған?
Ақын болсаң, алдыңа сала айтайын
Мұхаммедтің сүйегін кім ұстаған?
- Омар ұстап, сүйегін Осман жуған,
Әбубәкір құманмен суын құйған.
Арыстаны-Қүдайдың Әзіреті Әлі,
Иман айтып қасында қарап тұрған.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Көше-көше ауылы көше болар,
Ойынсыз-күлкісіз ел мешеу болар.
Ақын болсаң, сөзіме жауап берші,
Тоқсан иттің емшегі нешеу болар?
- Айт десеңіз айтайын бүған білер,
Аң жүйрігін біледі, қуған білер.
Емшегін тоқсан иттің білетін-ді,
Қолына көнек алып сауған білер.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Бір дария ағып жатыр тартқан сымдай,
ішінде бір асыл бар жалғыз қылдай.
Бәріне жиылған жан бірдей керек,
Жүмбақты осы сізге айтсам қалай.
- Сарғайып сары белден атады таң,
Бай қызы бой жеткенде болады паң.
Бәріне жамиықтың керек болған,
Қараңғы үйге жанған бір жалғыз шам.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Бір көлге жиырма төре қонар үйрек,
Әрбірі айналдырсаң, қалар сиреп.
ішінде жалғыз туған біреуі бар,
Тұрады соның бәрін жалғыз билеп.
- Үйректі осы көлге адам қояр,
Біреуін бірі тістеп басын жояр.
Кем ақыл, сен білмесең, мен айтайын,
Үйірлік жиырма төрт дойбы болар.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Қысырақ жоғалады жаз кетіп жырақ,
Көп жүрдім іздеп оны елден сүрап.
Түр екен дарияның ортасында,
Жете алмай үйге қайттым босқа бірақ.
- Үйірі қысырақтың Үркер деймін,
Мен де оны жазда көктен бір көрмеймін.
Болады ол алты ай көкте, алты ай суда,
Өлеңім осылай жөн сілтер деймін.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Отыздан әрбірінде бармағы бар,
Қүтылмас ешбір адам одан қашып.
- Алыбың аузын ашқан жыл емес пе,
Жер басып он екі аймен жүр емес пе.
Отыз күн -эр айдағы отыз бармақ,
Уақыттан қорқып қашу мін емес пе?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер











