| Материалдар санатында: 32 Материалдар көрсетілді: 21-30 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Жұмбақтан шеше алсаңыз сөз бастайын,
Жаралған бір мақүлық - үлкен жайын.
Өзі обыр, басы жетеу, қолы он екі,
Отыздан саусағы бар қол бас сайын.
- Қолма-қол бүл жүмбаққа жауап дайын,
Жыл, апта, қолы оның - он екі айың.
Есеңді ал еңбекпен ол обырдан,
Отыз күн - отыз саусақ қол бас сайын.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанымен ізі жалғыз,
Сағатына талай жер қарыштайды.
- Шешеді оңай бұныңды бала-шаға,
Жолға түскен іздерге қараса да.
Қос дөңгелек жалғыз із қалдыратын,
Велосипед десем ел таласа ма.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Барлық адам сүйсінер келбетіне.
Айдындағы сипамақ болсаң жүзін,
Бата түсер тереңге тербетіле.
- Тербелді деп су бетін айтпа өкпе,
Сипатпақ па сүлулар саған текке.
Көңілдегі емес көктегі ай сұлу ол,
Мықты болсаң қолыңды жеткіз көкке.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,
Ол екеуін біледі дүние жүзі.
Үлы түнде үйықтайды, қызы күндіз,
Білінбейді жүргенде басқан ізі?
- Айтып түр деп бөгелмен қай баланы,
Жүмбағыңа жауабым сай болады.
Айтқан үлкен үйіңіз-бүкіл элем,
Үлыңыз - күн, қызыңыз - ай болады.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ,
Басына қыстырғаны шиден таяқ.
Жалаңаш қойып тұтас өзге жерін,
Беліне ораныпты аямай-ақ.
- Аямай белге ораған киімімен,
Шешімге жетелейді шиі бірден.
Қолынан түспес шебер әженің,
Кәдімгі үршық қой бұл иірілген.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Алыстан көзді тартқан сұр тегене,
Кейде орта, кейде толы бір тегене.
Алдыңа ақын болсаң, сала айтайын,
Тауып көр, тапқыш болсаң, бұл немене?
- Десеңіз сұр тегене, қай тегене.
Қүбылмас толып, кеміп жәй тегене
Алыстан қызықтырып көз тартатын,
Кәдімгі аспандағы ай тегене.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Дүниеде бір жәндік бар үйретілген,
Мойнында жібек арқан сүйретілген.
Алдыңа тапқыш болсаң, сала айтайын,
Қолға алсаң, көп жүмысты сол бітірген.
- Үйретілген жәндігің ине емес пе,
Жібек жіпті арқандай сүйремес пе.
Шын шебердің қолында ине мен жіп,
Киім тігіп жылтылдап билемес пе.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Дүниеде бір кісі бар қалмақ бетті,
Болса да қалмақ бетті әділ етті.
Алдыңа тапқыш болсаң, сала айтайын,
Көріпті қатын алмай қырық перзентті.
- Қалмақ бетті тепе-тең қос табағы,
Әділетпен ол әркез дос болады.
Ол таразы кәдімгі, қырық перзенті-
Ауырлықты өлшейтін тас болады.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Бір нәрсе дүниені шыр айналған,
Ит мінген, есек өңгерген, түйе айдаған.
Артында жетектеген ешкісі бар,
Еш адам мүны тауып біле алмаған.
- Ит аяқ бір жануар, есек құлақ,
Түйе ерін, ешкі қүйрық десек құрап.
Кәдімгі қорқақ қоян шыға келер,
Соны да жүмбағым деп түрсың сұрап.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер
|
Бар екен бір айдаЬар білесің бе,
Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.
- Жүмбақтың естігем жоқ қиынын мен,
Айтылмыш айдаЬардың иірілген.
Сүйегі -кереге, уық, көзі -шаңырақ,
Қазақы аумайды екен киіз үйден.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ өлеңдер











