| Материалдар санатында: 20 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Жұмбақ:
Бір мақүлық көрер көзге жүні майда,
Тимейді майдалықтан ешбір пайда.
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,
Саны бар, сапасы жоқ сида-сида.
Шешуі:
Кім керек қылушы еді иттің жүнін,
Үрумен мал күзетіп көрген күнін.
Қаруы аузындағы тісі ғана,
Естіген қауіптенер үрген үнін.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.7-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көкте де емес, жерде де емес,
Жігіттер, көңіл қойып ойланыңдар.
Шешуі:
Жерге кеп өліп жатқан жетіп ажал,
Санының есебі жоқ ол жауған қар.
Шам алып жер мен көктен іздесең де,
Еритін қарда қайтіп сүйек болар!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 3.5-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Дөңгелек айналасы,төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.
Шешуі:
Дөңгелек әлденешеу болса өзі,
Төрт-төрттен әрқайсының болса көзі.
Алысты жақындатып ұстап тұрар,
Түймеғой, сүйек, темір, болар жезі.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында оның қаласы бар.
Бау-бақша, алуан түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
Шешуі:
Алпыс екі тамыр ғой салалары,
Он екі мүше оның қалалары.
Бәрін оның басқарған бастағы ми,
Тапқан адам ақылды саналады.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында түра алмай кідіреді.
Ойлағанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса, мәнісін кім біледі?
Шешуі:
Ол адамның үйықтаған, оянғаны,
Сөйтер күнде бойында барда жаны.
Түбінде бір оянбай қояр ақыр,
Он бойынан жаны кетіп, қалса тәні.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Жиылар әрбір жерге жүлдыз болып,
Екіден бір бүтаққа қатар қонып.
Қасында Шолпан жүлдыз тағы да бар,
Соларды қарап тұрар басы болып.
Шешуі:
Жүлдызың оқушылар тұрған толып,
Екіден отыратын серік болып.
Шолпан ол дәріс берер мүғалімі
Өскенше оқытатын ақылы толып.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.5-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Бір құс бар үшып жүріп ән салады,
Әркімге қонақ болып бір барады.
Барлығы мақүлықтың ығыр болып,
Дауысын естігенде зар қағады.
Шешуі:
Үшумен әні бірге жарасады,
Үшып кеп адамға да жармасады.
Жармасқан жерін уы дуылдатқан,
Кәдімгі айтып түрсың сары масаны.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Сылаңдап бір бүраң бел елден қашқан,
Қулығы бар болса да жұрттан асқан.
Жол нұсқап қуғыншыға куә болып,
Қол қойып ақ қағазға мөрін басқан.
Шешуі:
Түлкіні бұл жүмбағың салады еске,
Жетерлік қулық онда бар емес пе.
Білдірер қайда екенін қуғыншыға,
Мөрің - із, ақ қағазың - қар емес пе.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Жүні көк бір өгіз бар еті қара,
Тілгілеп өне бойын еттік пара.
Етін жеп, майын сорып жатсаң дағы,
Тез бітер терісіне түскен жара.
Шешуі:
Жүні -шөп, еті -топырақ, өгізі -Жер,
Тілігілеп етін салар негізінде ел.
Етін жеп, текке майын сора бермей,
Мәпелеп, «Рақмет» дегізіңдер.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс
|
Жұмбақ:
Бір кезде он екі хайуан басын қүрап,
Барлығы бір орыннан тапты түрақ.
Ад алы арамымен кезектескен,
Өзінен әркімдер жүр жасын сүрап.
Шешуі:
Өлеңнің үзыны бар, қысқасы бар,
Сөздің де айта алатын нүсқасы бар.
Он екі мүшелі хайуанаттың,
Түйеде, көрсең, барлық ңүсқасы бар.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жұмбақ айтыс











