Жұмбақ:
Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Оларға үйір болған адам тентек.
Бәрінің ортасында бір әйел бар,
Жүреді дәл жиырма төрт тай жетектеп.
Шешуі:
Емес пе сегіз еркек - кәрөл, балта,
Деп түрсыз тентек қана ойнар карта.
Төрт әйел ортадағы төрт мәтке ғой,
Жиырма төрт қалғандарын санап байқа.