Жұмбақ:
Мінгені үш адамның жалғыз жорға,
Келеді жорғалатып даңғыл жолда.
ішінде көпшілікке тәлім қылып,
Кетеді жаппай тарап қолдан қолға.
Шешуі:
Айтқаның қарындаш пен қалам екен,
Үш саусақ бірдей мініп алады екен.
Кететін жаппай тарап қолдан қолға,
ішінде жазу, сызу қалады екен.