Жұмбақ:
Жайлаған бір аралды бір топ киік,
Жүрмейді аяқтары жерге тиіп.
ішінде теке менен қошқары бар,
Мүйізін көрсетпейді басын иіп.
Шешуі:
Карта ғой аралдағы бір топ киік,
Жамбасы жатыр кейде жерге тиіп.
Емес пе қошқар, теке -тұз бен кәрөл,
Кімге олар бағынбақшы басын иіп.