Жұмбақ:
Бекінген бір тауешкі шошала үйге
Тағдыры салып қойған сондай күйге.
Жатады күн ыстықта көлеңкелеп,
Шығады жауын күні жапан түзге.
Шешуі:
Мүйіз - үйден шықса, ұзаратын,
Біреуді көрсе, бүғып қызаратын.
Жауынды жаны кіріп қыдыратын,
Үлу ғой бала күнде біз алатын.