Жұмбақ:
Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек,
Басы жоқ, аяғы жоқ, дөп-дөңгелек.
Жерінде басып кеткен із қалады,
Осыны тапшы, қүрбым, болсаң зерек.
Шешуі:
Қару ғой мансаптыға бұ да мықты,
Жеткендер оған қолы қуаныпты.
Дөңгелек, өзі керек, із қалдырған,
Мөр ғой ол растайтын куәлікті.