Жұмбақ:
Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Сипаты бек асып тұр, көрсең жаңа.
ішінде шығар жері қиын екен,
Егерде қолға түссе, болар пана.
Шешуі:
Ол нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Суықта киіп алсаң, болар пана.
Теріден сәндеп тіккен ішік қой ол,
Мәуіт тыс, қайырмалы қүндыз жаға.