Жұмбақ:
А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат 20:00-ді көрсетеді. Бірдей жылдамдықпен барып келген ұшақтың А қаласынан Б қаласына баруы немесе Б қаласынан А қаласына қайтуы қанша сағат?
Шешуі:
А мен Б қалаларының уақыттарында 2 сағат айырмашылық бар және екі қала арасындағы сапар 4 сағатқа созылады.