Жұмбақ:
Мұздатқыштан жаңа шыққан суық мұз салынған ыдысты ұстап көргенсіз бе? Ұстаған болсаңыз саусақтарыңыздың ыдысқа жабысып қалғанын байқаған боларсыз. Неліктен солай жабысатынын білесіз бе?
Шешуі:
Саусақтарымыз қашанда аздап болса да ылғалды болады. Мұздатқыштан жаңа шыққан мұз ыдысын ұстағанда қолымыздағы ылғал тез арада тоңады. Саусақтарымыздың қысымы да бұл тоңған ылғалдың ыдыстағы мұз кристаллдарына жабысуына себеп болады. Мұз салынған ыдысты жалайтын болсаңыз тіліңіз ыдысқа жабысып қалады және тіліңізді ажыратуға тырысқаныңызда терісінің бір қабаты жұлынып кетуі де әбден мүмкін.